Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында ұлттық ойындардың бірі – “Тоғызқұмалақ” таныстырылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында ұлттық ойындардың бірі – “Тоғызқұмалақ” таныстырылды. Бұл ойын – қазақ халқының ежелден келе жатқан зияткерлік ойыны, әрі ұлттық мәдениеттің маңызды мұрасы. Іс-шара барысында қатысушыларға “Тоғызқұмалақ” ойынының тарихы, ережелері және оның ұлттық құндылық ретіндегі маңызы түсіндірілді.